Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі көлік әйнектерін қараңғылауды ақылы етпек


Қырғызстан үкіметі көлік әйнектерін қараңғылауды ақылы етуді қарастырып жатыр деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

Бағасы әлі нақты анықталмаған. Егер үкімет шешім шығарса, бір көлік үшін жылына 400-500 доллар болмақ.

Осыған дейін парламент көлік әйнектерін қараңғылауды ақылы етіп, одан түскен қаржыға жаңа стадион салуды ұсынған.

Қырғызстанда көліктердің әйнектерін қараңғылауға заңмен тыйым салынған. Заңды бұзған адам 5,5 мың сом (80 доллар) көлемінде айыппұл төлейді.

XS
SM
MD
LG