Ссылки доступа

Әлем лидерлері Нотр-Дамдағы өртке байланысты париждіктерге көңіл айтты


Әлемдік саясаткерлер мен католик шіркеулерінің лидерлері әлемдік мәдени мұра ескерткіші - Париж Құдай ана шіркеуінің отқа орануына байланысты Франция халқына көңіл айтты.

Франция президенті Эммануэль Макрон апат орнына барып, өрт әрбір француздардың "жанының жартысын" өзімен бірге алып кетті деді:

Макрон шіркеуді қайта қалпына келтіру жұмыстары тезарада жүретінін айтты.

Ватикан да Париждегі өртке қатысты Твиттер арқылы үн қатты:

"Қасиетті тақ Франция мен бүкіл әлем христиандарының символына айналған Нотр-Дам шіркеуін ораған өртті қатты қайғырумен ұқты", – деп жазады Ватикан баспасөз хатшысы Алессандро Джизотти.

АҚШ президенті де Париждегі өртке байланысты көңіл айтты:

"Ұшатын цистерналарды өртті сөндіруге қолдану керек. Тез арада әрекет ету керек!" – деп жазады Дональд Трамп.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама да Твиттер арқылы былай деді:

"Notre Dame әлемдегі ең ұлы мәдени мұра. Дәл қазір қайғыны бастан кешіріп отырған Франция халқы туралы ойлаймыз. Жоғалтуды жоқтау, оны қалпына келтіру біздің талабымыз".

XS
SM
MD
LG