Ссылки доступа

Ташкентте бұрынғы салықшылар қысыммен жұмыстан шығарғанын мәлімдеді


Өзбекстан астанасының Шайхантахур ауданы салық инспекциясының жаңа басшысы 5 сәуірде № 53 жарлығымен 128 қызметкерді жұмыстан шығарған. Жарлық журналистердің қолына түсті.

Шайхантахур ауданы салық инспекциясының бұрынғы қызметкері жаңа басшылық мамандарды қысыммен жұмыстан босатқанын, оларға өтемақы төленбегенін мәлімдеді. Қызметкерлердің барлығы бір ғана жарлықпен жұмыстан шығарылған.

Бұған дейін Мемлекеттік салық комитеті бұл аудандағы салық инспекциясының қызметкерлері жаппай жұмыстан босатылғанын жоққа шығарған.

Осы жағдайдан бір күн бұрын президент Шавкат Мирзияев салық қылымыстарына қатысты арнайы жиналыс өткізген. Мемлекет басшысы салық қызметкерлерін бюджет түсімінің аздығы үшін сынаған.

XS
SM
MD
LG