Ссылки доступа

Түркімен газы Ресейге қайта жеткізіле бастады


Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов на церемонии запуска трубопровода Восток-Запад

15 сәуірде түркімен газы Ресейге қайта жеткізіле бастады. Бұл туралы мемлекеттік "Түркіменгаз" концерні хабарлады.

Газ Түркіменстан мен Ресей арасында газ саласындағы 2028 жылға дейінгі әріптестік туралы үкіметаралық келісім негізінде жеткізіле бастады.

Концерт мәліметі бойынша, газ тасымалдау мәселесі 27 наурызда Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов пен "Газпром" директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Алексей Миллер кездесуінде талқыланған.

Мюллердің наурыз айындағы сапары қарсаңында түркімен ақпараттық құалдары АҚШ президенті Дональд Трамптың түркімен әріптесін Наурыз мерекесімен құттықтауын жариялаған еді. Онда Трамп "Түркіменстан газды Батысқа экспорттаудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалана алады" деп мәлімдеген.

Ресейдің "Газпром" концерні түркімен газын сатып алуды 2016 жылы тоқтатқан еді. Бұның алдында тараптар баға саясатындағы келіспеушіліктерге байланысты жанжалдасып қалған. "Газпром" Түркіменстаннан 5 млрд долларды қайтаруын талап етіп, Стокгольм арбитражына шағымданған.Түркіменстан болса ресейлік компанияны газ ақысын 2015 жылдың басынан бері төлемеді деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG