Ссылки доступа

Тағы бір өзбекстандық қылмыс әлемінің дөкейі атанды


Воры в законе - Ахтам Самаркандский¸ Равшан Золотой и Лоту Гули

Стамбулдың Фатих ауданында 12 сәуірде Өзбекстан азаматы Ахтам Якубовқа (лақап аты Ахтам Самаркандский) қылмыс әлемінің "жоғары лауазымды" өкілдерінің жабық жиналысында "дөкей" атағы берілген.

Осыдан 22 жыл бқрын Бахти Ташкентский деген атпен танымал Бахтиер Кудратиллаев қылмыс әлемінің дөкейі мәртебесіне ие болған еді.

Екі түрлі дереккөз мәліметі бойынша, жабық жиындағылар Самарқанд өкілін бірауыздан дөкей деп таныған.

42 жастағы Ахтам Якубов 17 жыл бойы Біріккен Араб Әмірліктерінде түрмеде отырып шықты.

Стамбулдағы жабық жиынға 15 адам қатысқан, қалғандары телефон арқылы байланысқа шыққан.

Жиынды 64 жастағы грузин дөкейі Темури Немсицверидзе (лақап атыЦрипа) шақырған. Кездесуді 58 жастағы дөкей Давид Чхиквишвили (Дато Сургутский) жүргізген. "Жиынға Лаша Петерский, Рома Батумский, Джонни Кутаиский, Дато Сургутский, Алеко Шошия (Тимур Чурадзе) және басқа да дөкейлер қатысты", - деп хабарлады дереккөз.

Мәліметтерге қарағанда, қылмыс әлемінде бұған дейінгі төрт жыл бойы дөкей мәртебесін ешкім алмаған.

Ахтам Самаркандский 1988 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде бір әйел мен оның оққағаын өлтіргені үшін өмірлік түрме жазасына кесілген, кейін жаза 25 жылға өзгертілді.

XS
SM
MD
LG