Ссылки доступа

Қырғызстандағы тарихи мұражайдығы жемқорлыққа қатысты алты шенеунікке айып тағылды


Бұл туралы бас прокурор Откурбек Жамшитов Жогорку Кенеш комитетінің отырысында хабарлады.

Оның айтуынша, мұражайдағы және Шолпан-Атадағы ипподромдағы жемқорлыққа қатысты істер біріктірілген. Экс-премьер Сапар Исаков, шенеуніктер Алмаз Абдыкаров, Улукбек Матисаков, Мира Карыбаева, Шайбек Атамбеков және Айдарбек Мендеев айыптылар санатына жатқызылды.

Бас прокуратура мәліметі бойынша, шенеуніктердің заңсыз әрекеттерінен 247 миллион сом (3,5 млн доллар) шығын келген.

"Ата Мекен" парламенттік фракциясы өткен жылы мамырда мұражайды жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалғанын хабарлаған еді. Одан соң арнайы қызмет қылмыстық іс қозғады.

Бұл уақытта мемлекеттік органдар мұражайдағы жөндеу жұмыстары халықаралық стандарттарға сай жүргізілгенін мәлімдеп отыр.

XS
SM
MD
LG