Ссылки доступа

Өзбекстанда сыртқы миграция агенттігінің экс-шенеуніктеріне қатысты сот басталды


Ташкент қалалық сотында еңбек миграциясы жөніндегі агенттіктің бұрынғы басшыларына қатысты істі қарау басталды деп хабарлады Өзбекстанның Жоғарғы соты.

Былтыр қараша айында аталған агенттіктің бұрынғы басшысы Равшан Ибрагимов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Дерекөз мәліметінше, агенттіктің 20 қызметкері Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге ниетті адамдардан жалпы 20 млн доллар көлемінде пара алды деп айыпталған. Бұл ақпаратты кейін елдің бас прокуратурасы растады.

XS
SM
MD
LG