Ссылки доступа

Эмомали Рахмон: Тәжікстан Ресейден миграция рақымшылығын күтеді


Эмомали Рахмон и Вячеслав Володин, Москва, 16 апреля 2019 года
Эмомали Рахмон и Вячеслав Володин, Москва, 16 апреля 2019 года

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей тәжік еңбек мигранттары үшін тағы бір рақымшылық жариялайды деп үміттенеді. Бұл туралы Мәскеуде Эмомали Рахмон мен Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин кездесуінде сөз болды.

Тәжікстан басшысының мәлімдеуінше, миграция саласында назар аударуға тұрарлық мәселелер бар. Рахмон есепке тұру және жұмысқа патент алу жұмыстарын, еңбек мигранттарының құқықтық мәртебесін анықтауды жеңілдету керек деп есептейді.

Тәжікстан президентінің айтуынша, Душанбе тәжік еңбек мигранттары үшін тағы бір мәрте рақымшылық жарияланады деп үміттенеді. Бұған қоса Душанбе Мәскеуден миграция есебі мен патент алу жұмыстарын жеңілдетуін сұрайды.

Екі жыл бұрын Ресейде әкімшілік құқықбұзушлық жасаған 122 мың тәжік еңбек мигрантына рақымшылық жарияланды.

Эмомали Рахмон 16 сәуірде Ресейге ресми сапармен келді. Бүгін ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, бірқатар құжаттарға қол қояды.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейде 1 миллионнан астам тәжік еңбек етіп жүр.

XS
SM
MD
LG