Ссылки доступа

Санкт-Петербург метросындағы терактіге қатысы бар қырғызстандыққа іздеу жарияланды


Мәскеу қаласының Басман соты 16 сәуірде Қырғызстан азаматы Исломбек Тургуновты ұстау туралы ордер шығарды. Тургунов метродағы терактіге қатысы бар деген күдікке іліккен деп хабарлады "Интерфакс".

Сот шешімі бойынша, күдікті ұсталған немесе Ресейге жөнелтілген уақыттан бастап екі ай қамауда отыруы тиіс."Тургуновқа "террористік қауымдастыққа қатысу" бабы бойынша айып тағылған. Оған халықаралық іздеу жарияланды" деп жазды агенттік.

2017 жылы 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында жарылыс болды. 16 адам қаза тапты, жүзден астам адам жараланды. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылысты Қырғызстанның 22 жастағы тумасы Акбаржон Жалилов жасаған. Іс бойынша 11 адамға айып тағылған, олардың барлығы ұсталған.

Аброр Азимов пен тағы он адамға терроризм және заңсыз қару ұстау айыптары тағылған. Он күдікті метродағы жарылысқа қатысты айыптарды мойындаудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG