Ссылки доступа

Иран СІМ басшысы Сирия жөніндегі келіссөздер қарсаңында Дамаск қаласына барды


Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Дамаск қаласына барды. Келесі аптада Қазақстанда Сириядағы жанжалды реттеуге арналған келіссөздердің кезекті кездесуі өтеді.

Сирия президентінің кеңсесі таратқан мәлімет бойынша, Зариф пен президент Башар Асад Астанадағы келіссөздердің кезекті раунды және Дамаск пен Тегеран байланысын талқылаған.

Иран мен Ресей Асадтың негізгі одақтастары саналады. Бүлікшіл топтарды қолдайтын Түркиямен бірге бұл елдер Сириядағы соғысақ нүкте қою үшін Астана келіссөздерін жүргізіп келеді.

Наурын айынан бері Нұр-Сұлтан деп аталатын Қазақстан астанасындағы келіссөздердің жаңа раунды 25-26 сәуірде өтеді.

Сириядағы соғыс 2011 жылы наурызда басталды.

XS
SM
MD
LG