Ссылки доступа

Путин мен Рахмон тәжік мигранттарын Ресей аумағына қабылдауда жеңілдік жасауға келісті


17 сәуірде Кремльде Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ресми кездесуі өтті.

Екі ел басшылары келіссөз қорытындысы бойынша 17 құжатқа қол қойған. Олардың ішінде Душанбе, Куляб, Худжант, Бохтар және Турсунзаде қалаларында орыс мектебін салу мен еңбек мигранттарын Ресей аумағына ұйымдасқан түрде қабылдау келісімдері бар.

Эмомали Рахмон сөзінде соңғы уақытта Ресейге баратын тәжік мигранттары санының бірден қысқарып кеткенін атап өткен.

16 сәуірде Тәжік президентінің сапары кезінде Мәскеудегі "Группа 24" оппозициялық қозғалысының өкілдері Кремль алдында наразылық шарасын өткізді. Қатысушылардың бірі Рахматулло Мұхаммадтың қолында "Таныс болыңыздар, диктатор Рахмонов" деген жазу бар. Олар еліндегі саяси тұтқындарды босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG