Ссылки доступа

Владимир Путин тәжік мигранттарына рақымшылық жасауға уәде берді (видео)


РФ президенті Владимир Путин түрлі себептермен Ресей аумағына кіруге тыйым салынған тәжік мигранттарына рақымшылық жасауға уәде берді.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті бұл мәселені шешуге елінің ішкі істер министрлігіне тапсырған.

«Біздің елде Ресейге келіп жатқан тәжікстандықтарға, олардың отбасына көп жағдай жасалынып жатыр. Ресейде шамамен 1,2 млн тәжік азаматы тұрады. Олардың отанына ақша жіберіп тұруы, Тәжікстан экономикасына біршама көмектеседі», – деді Владимир Путин.

17 сәуірде Кремльде Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның кездесуі өткен. Келіссөз қорытындысы бойынша 17 құжатқа қол қойылған. Олардың ішінде Тәжікстанда орыс мектептерін салу, мигранттар проблемасын шешу бар.

У стен Кремля прошел протест против Рахмона
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

XS
SM
MD
LG