Ссылки доступа

Өзбекстанда бұрынғы бас прокурор ісімен ұсталған шенеуніктер азаптаулар туралы мәлімдеді


Uzbekistan - Tashkent City Yunusobod Court Building
Uzbekistan - Tashkent City Yunusobod Court Building

17 сәуірде Ташкенттке Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыров пен 12 бұрынғы шенеунікке қарсы ісі бойынша жабық сот отырысы өтті. Онда айыпталушылардың бірқатары абақтыда азапталғаны туралы мәлімдеді.

Бұл туралы сот отырысына қатысқан екі түрлі дереккөз хабарлады. Дереккөздің бірінің айтуынша, бас прокурордың бұрынғы орынбасары Ұлықбек Сүннатов тергеу кезінде оны резина шоқпармен ұрғанын, тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан уақытта шабына электр есеңгіреткіш тақағанын мәлімдеген.

"Азаптауға шыдамаған Сүннатов асылып өлгісі келгенін айтты. Бірақ бұны түрме қараушылары біліп қойып, оны бес күнге карцерге тастаған. Сүннатов сот төрағасынан тергеуші Еркін Абдуллаевтан куәлік алуын өтінді", - деді сот отырысына қатысқан дереккөз.

Екінші бір дереккөз оның сөзін растады. Оның айтуынша, айыпталушы Ұлықбек Хуррамов тергеу кезінде қысымға ұшырағанын сотта мәлімдеген. Тергеушілер оның бір қолы мен бір аяғын сындырған. "Соған байланысты Хуррамов медициналық сараптама жүргізілуін талап етті", - деді дереккөз.

Еске салайық, 10 сәуірде Халықаралық Amnesty International адам құқықтарын қорғау ұйымы осы істегі азаптауларға қатысты алаңдаушылық білдірген. Дегенмен Өзбекстанның Бас прокуратурасы бұны жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG