Ссылки доступа

Кабири: мемлекет меншігіне алынады деген мүлік бізге тиесілі емес


Душанбе қалалық соты Тәжікстан бас прокуратурасы мен Тәжікстан ислам өркендеу партиясының жетекшісі Мұхиддин Кабиридің туыстары салған үйдің қожайындары арасындағы дауды қарай бастады.

Бас прокуратура жиырмадан астам пәтер мен бірнеше дүкен мемлекет меншігіне өтуі тиіс, өйткені Жоғарғы сот Мұхиддин Кабириге қатысты үкім шығарып қойған.

Өткен жылы Тәжікстан Жоғарғы соты Кабириді сырттай соттаған. "Сот отырысы сотталушының қатысуынсыз, жабық өтті", - деп хабарлады дереккөз.

Тәжікстанның бас прокуратурасы жиырмадан астам пәтер мен дүкендер Мұхиддин Кабири мен оның балаларына тиесілі деп есептейді. Өткен жылы қараша айында астананың Шохмансұр аудандық соты Бас прокуратура өтінішін жартылай қанағаттандырған. Бірақ пәтер қожайындары сот үкіміне Душанбе қалалық сотына шағымданған.

ТИӨП жетекшісі Мұхиддин Кабиридің мәлімдеуінше, бұл пәтерлер өзінің отбасына тиесілі емес. "Тәжікстан билігі менің мүлкім туралы толық ақпарат алған - мен жыл сайын табыс туралы декларация толтырамын", - деп мәлімдеді Кабири.

Еске салайық, Мұхиддин Кабири Тәжікстаннан 2015 жылы кетті. Сол жылы ТИӨП террористік ұйым деп танылып, оған тыйым салынды.

XS
SM
MD
LG