Ссылки доступа

Мәскеуде белгісіз біреулер абақты алдында Тәжікстан азаматын ұрлап әкетті


Ресей астанасында белгісіз біреулер Тәжікстан азаматын ұрлап әкеткен. 45 жастағы Дилшод Сатторовты бірнеше адам күшпен машинаға отырғызып алып кеткен.

"Бұл оқиға Дилшодтың тергеу абақтысынан шығуынан 15 минуттан соң болды. Қарапайым киінген төрт адам оны машинаға күшпен отырғызып, кетіп қалды. Оның қазір қайда екені бізге белгісіз", - деді Дилшодтың бауыры Мұхаммадшариф Сатторов.

Оның айтуынша, бір жыл бұрын Сириядағы соғысқа қатысқан деен күдікпен ұсталып, абақтыға қамалған. "Бір жыл өткен соң оны босатты, бірақ сол сәтте ұстап әкетті", - деді оның бауыры.

Интернетте Тәжікстан азаматын Мәскеуде қалай ұрлап әкеткені түсірілген видео жарияланды. 18 секундтық таспада бірнеше адамның Дилшод Сатторовты машинаға күшпен отырғызып жатқаны бейнеленген. Полиция қызметкерлері оған араласпаған, көмек шақырған әйелдің өтінішіне бармаған. Мұхаммадшарифтің айтуынша, ол - Дилшодтың әйелі.

"Билік Дилшод Сирияда "Ислам мемлекетінің" жаттығу лагерінде жарты жыл болды дейді. Өтірік. Менің бауырым ешқашан Сирияда болған емес. Біз бірге базарда жұмыс істедік. Бәр мәрте ғана ол әйелімен бірге екі-үш күнге Түркияға тауар әкелуге барды", - деді Мұхаммадшариф. Оның айтуынша, Дилшод Ресей азаматтығы бар қызға үйленген, олардың алты баласы бар.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі Дилшод Сатторовтың ұсталуы мен елге экстрадициялануы мүмкін екендігін растамады, жоққа да шығармады.

XS
SM
MD
LG