Ссылки доступа

Мирзияев Қордайдағы жол апатынан зардап шеккендерге көмек комиссиясын құрды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қордайдағы автобус апатының салдарын зерттеу және зардап шеккен өзбекстандықтарға көмек көрсету комиссиясын құрды.

Үкіметтік комиссия құрамына төтенше жағдайлар министрлігі, денсаулық сақтау министрлігі, сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігі және басқа да мекемелердің өкілдері кірді. Комиссия мүшелері зардап шеккендерге көмектесу және жол апатын тексеру үшін оқиға орнына барды.

"Үкіметтік комиссияға қазақстандық тараппен біге жол апатынан қаза тапқандарды елге жеткізу, олардың отбасыларына қажетті көмек көрсету тапсырылған" делінген төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Қордайдағы жол апатынан Өзбекстаның үш азаматы қаза тапты. Тағы 13 өзбекстандық жарақат алған, олардың үшеуі ауыр қалде жатыр. Олардың барлығы Қордай аудандық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің қызметкерлері барды.

Еске салайық, Алматы - Ташкент күре жолының 181-шақырымында 20 сәуірде сағат 05:09-да жолаушы автобусы апатқа ұшырады. Оған жол бойында бұған дейін апатқа ұшыраған екі автокөлік себеп болған. Жолаушы автобусы оларды айналып өтпек болып, аударылып түскен.

Автобус салонында 47 жолаушы болған. Апаттан 11 адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG