Ссылки доступа

Душанбелік жігіт сүйіктісіне қол көтергені үшін сегіз айға қамалды


Суд над Хуршедом Азизовым

Тәжікстан астанасындағы аудандық сот Хуршед Азизовқа қатысты үкім шығарды. Ол Душанбе орталығында сүйіктісіне қол көтергені үшін кінәлі деп танылып, сегіз айға сотталды.

Судья Гайрат Сангинзоданың айтуынша, сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өткізеді.

Хуршед Азизов соттың соңғы отырысында жасаған ісіне өкініш білдіріп, сүйіктісі Малика Сохибназаровадан кешірім сұрады. Ол да сот отырысына қатысқан. "Мен кінәлімін. Кешір мені. Енді бұлай жасамаймын", - деді жігіт.

Душанбе тұрғыны Малика Сохибназарованы ұрғаны түсірілген видео 1 наурызда әлеуметтік желіде тарап кетті. Қолданушылар қызға қол көтерген жігітті айыптады. Видеода жас жігіт автокөлік жүксалғышынан қызды алып шығып, ұрып, оны автокөлік салонына күшпен отырғызған.

Құқыққорғау органдары әлеуметтік желіде жарияланған видеоны зерттеп, екі сағаттан соң кінәліні тұтқындаған.

Малика Сохибназарова болған оқиға үшін өзі кінәлі екенін, жігітінің түрмеге түскенін қаламайтынын айтқан. Қыз сот шешімімен келіспейді, үкімге шағым түсіреді.

XS
SM
MD
LG