Ссылки доступа

АҚШ Өзбекстанға атышулы "Жаслык" түрмесін жабуға кеңес берді


АҚШ-тың халықаралық дін еркіндігі жөніндегі комиссиясы Мемлекеттік департаменттің шешіміне назар аудармай, Өзбекстанды діни сенім еркіндігін өрескел бұзатын елдер тізімінде қалдырды.

Халықаралық комиссияның 29 сәуірде жарияланған мәлімдемесінде Өзбекстан Қытай, Мьянма, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан, Иран және Пәкістанмен бірге "ерекше назар аударуды қажет ететін елдер" тізіміне енген. Тізімде барлығы 16 мемлекет бар.

Баяндама авторларының пікірінше, Өзбекстанда биліктің жоғары санатында оң өзгерістер байқалғанымен, діни еркіндік өрескел бұзылып отыр. "Мыңдаған мұсылман әлі күнге дейін түрмеде отыр. Президент Шавкат Мирзияев әкімшілігі діни экстремизм айыбымен қамалғандардың ешқайсын ақтамады" делінген құжатта.

Комиссия Өзбекстанның мектептері мен колледждерінде хиджаб киген оқушыларды сабаққа жібермегенін атап өтті.

Комиссия Ташкентке "Жаслык" түрмесін жабуға кеңес берді. Діни мотивпен сотталғандардың дені осында отыр.

Еске салайық, президент Шавкат Мирзияев 2017 жылы қыркүйекте "діни экстремистік қозғалыстар мүшелерінің тізіміндегі" 17 мың адамның 16 мыңы ақталғанын жариялады. Олардың 9,5 мыңы жұмыспен қамтылды.

XS
SM
MD
LG