Ссылки доступа

Туладағы супермаркетте өзбек кассирді күзетшілердің көзінше өлтіріп кетті


29 сәуірде Туладағы "Пятерочка" супермаркетінде ер кісі кассадағы өзбек әйелді жиырма мәрте пышақтап, қашып кетті.

Видеода кісі өлтірушінің кассадағы әйелді еденге құлатып, кем дегенде жиырма мәрте пышақ сұққаны бейнеленген. Супермаркет күзетшілері пышақ ұстаған ер кісіне тоқтатуға әрекеттенбеген.

Қастандық құрбаны болған әйел Өзбекстанда туған. Марқұмның артында үш баласы қалды.

Ресей ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волктың жергілікті ақпарат құралдарына мәлімдеуінше, кісі өлтіруші қолға түскен.

Туланың 35 жастағы тұрғыны жасаған қылмысын мойындаған.

XS
SM
MD
LG