Ссылки доступа

Помпео: Кубаға қашпақ болған Мадуроны Кремль тоқтатқан


Бойцы национальной гвардии Венесуэлы, перешедшие на сторону оппозиции. стреляют в воздух, чтобы сделать предупреждение силам, верным правительству Мадуро 30 апреля 2019 года
Бойцы национальной гвардии Венесуэлы, перешедшие на сторону оппозиции. стреляют в воздух, чтобы сделать предупреждение силам, верным правительству Мадуро 30 апреля 2019 года

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео "Венесуэла президенті Николас Мадуро 30 сәуірде Кубаға қашпақ болды" деп мәлімдеді. Помпео бұл туралы америкалық CNN арнасына 1 мамырда берген сұхбатында айтты.

Мемлекеттік хатшының сөзінше, ұшағы ұшу алаңында әуеге көтерілуге дайын тұрған Николас Мадуроны Кремль тоқтатқан. Помпео Мадуромен Ресей билігінен сөйлескен адамның атын айтқан жоқ. "Ұшақ Гаванаға қонуы керек еді" деді ол.

Помпео Вашингтонның Венесуэла оппозициясының лидері Хуан Гуайдоны қолдайтынын тағы бір мәрте мәлімдеді.

30 сәуірде Гуайдо Мадуроны биліктен кетіру үшін ел азаматтарын жаппай шеруге шығуға шақырған. Көшеге шыққан оппозиция жақтастары мен үкімет күштерінің тіресі шиеленісіп, 50-ден астам адам түрлі жарақатпен Каракастағы ауруханаға жеткізілген. Үкімет сарбаздарының бір бөлігі Гуайдо жағына өткен.

Биыл қаңтарда өзін Венесуэланың уақытша президентімін деп жариялаған Хуан Гуайдоны елуден астам ел Венесуэланың заңды басшысы деп таныған. Николас Мадуро елдегі дағдарысқа АҚШ-ты айыптайды.

Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джон Болтон "Мадуроның жақтастары оны биліктен кетіру жайлы өзара келіссөз жүргізіп жатыр" деп хабарлаған.

Мадуроны Ресей мен Қытай бастаған санаулы ел қолдайды.

XS
SM
MD
LG