Ссылки доступа

Қытай тарихшылары б.з.д. X ғасыр жылнамаларынан қырғыздар туралы мәліметтер тапты


Қытай ғалымдары біздің заманымызға дейін 1050 жылдан 980 жылға дейін өмір сүрген қытай билеушісі туралы материалдар тапты. Ол жылнамаларында қырғыздар туралы мәлімет қалдырған.

Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы хабарлады. Президент аппараты жанындағы "Мурас" қоғамдық қорының төрағасы Кыяс Молдокасымовқа ғалымдардың жаңалығын Қытай қоғамдық ғылым академиясының Тарихи зерттеулер институты директорының орынбасары Тянь Бо мен осы институттың Еуразия зерттеулер орталығының директоры, профессор Ли Цзиньсю жеткізген.

Профессор Ли Цзиньсюдың айтуынша, танымал қытай тарихшысы Ю Тайшан жақында жариялаған зерттеулерінде біздің заманымызға дейінгі X ғасырға жатқызылған материалдарда "қырғыз" атауын кезіктіргенін жазды.

Кыяс Молдокасымов қырғыздар тарихы тағы сегіз ғасырға ұзарғанын атап өтті. Бұған дейін қырғыздар туралы алғаш рет біздің заманымызға дейін 201 жылы тарихшы Сыма Цянның "Ши цзи" еңбегінде айтылдыдеп есептелген.

"Қырғыздар тарихы үшін бұл маңызды әрі қуанышты жаңалық", - деп мәлімдеді Кыяс Молдокасымов.

XS
SM
MD
LG