Ссылки доступа

AzatNews: Баннер үшін қамалу және мерекедегі митинг (жинақ)


Аймақтардағы бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды толық немесе жартылай пайдалануға толық рұқсат беріледі. Қолданушылардың сұрауы бойынша бейне-роликтердің түпнұсқасын ұсына аламыз. Сонымен бірге Директ коллекциясындағы кез-келген видеоны пайдалана аласыздар.

- Коммунистер Бішкекте 1 мамырда шеру өткізді. (видео Қырғызстан)

- Нұр-Сұлтан мен Алматыда наразылық акциялары өтті. (фотокөрме)

- AzatNews 30.04.2019. Баннер іліп 5 тәулікке қамалған Роман Захаров бір күн өтпей босап шықты; Бас прокуратура қазақстандықтарға "1 мамыр мерекесінде митингіге шықпаңдар" деп ескертті. (Видео Қазақстан)

- Үміткерлер қол жинап үлгере ме? ОСК мәліметі бойынша, сегіз саясаткер қол жинау қағаздарын алды. (видео Қазақстан)

- 84 тәжік баласы Ирактан отанына оралды. (видео Тәжікстан)

- Гуайдо Венесуэлада билікті ауыстырудың "ақтық кезеңін" жариялады. (видео Директ)

- Қытайдың әлем экономикасына әсері. (видео Настоящее время)​

- Назарбаев Батыстағы демократия туралы тағы айтты​. (видео)

- Жастардың тәуелсіз ұйымы "сайлаудың әділ өтуін бақыламақ". Қазақстанда әділ сайлауды талап еткен кейбір жастар қамалып жатса да, азаматтық бастамашыл топ сайлауды бақылайтындарын жариялады. Бұл қандай ұйым? Мақсаттары қандай? (Видео / Қазақстан)

- Балықшыда уран өндірісіне қарсы митинг өтті​. (видео Қырғызстан)

- Тоқаевтың әкесінің туған жері президенттің келуін күтіп отыр. (видео Қазақстан)

- Тәжік жігіттерінің биі неге сирек орындалады? (видео Тәжікстан)

- Түркімен президенті Ақалтеке күнінде рэп оқыды. (видео)​

- Литвада көше дәретханаларына тыйым салынды (видео Настоящее время)

- Танымал пианиношы Лола Астанова Өзбекстанның бірінші ханымымен кездесті. (видео Өзбекстан)

- Хорезмде отарға шабуылдаған жабайы иттерді атып тастады. (видео Өзбекстан)

- "Билік журналистерге кедергі жасаудың технологиясын өзгертті". "Әділ сөз" баспасөз қорғау қорының сарапшысы Ғалия Әженова Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстанда қандай тақырыптарды жазуға тыйым салынатынын айтты. (видео Директ)

- Ақындар "айтыс үшін" Тоқаевты қолдады. (видео)

- Тау тұрғындары яктарды қалай сауады? Бактыгул Муканбетов яктардың сүтін ем жасауға пайдаланады. (видео Директ)​

- Париж, Прага, Тбилиси. "Шындықтан құтыла алмайсың" акциясын шетелдегі студенттер қолдады. (фотокөрме)

- Өзбекстандағы қалалар мен ауылдарды тағы су басты. (видео Өз)

- Қызылша көп тараған елдер. (инфографика)​

- Қариялар шатыры шіріп, едені тозған үйде тұрып жатыр. Петропавлда апатты және ескі үйлерде тұрып жатқан зейнеткерлер наразылық білдірді. (видео Директ)

- Каспий Арал теңізінің тағдырын қайталай ма? Әзірбайжандағы экологтар теңізді шұғыл құтқару керек деп дабыл қақты. (видео Қазақстан)

- "Әділ сайлауды қалайтын" жастар жиын өткізді. «Әділ сайлау үшін!» деп ұрандатқан алматылық жастар бүгін тағы жиналды. Олар алдағы президент сайлауы жөнінде ой-пікірлерін айтып, талқылау өткізді. Көбін толғандырған сауал: Қазақстан билігінің сайлау өткізу тәртібі – адам құқықтарын бұзбай ма? (видео Қазақстан)

- "Қолжетпес мемлекеттің қолжетпес азаматы болсам..." Нұрсұлтандық Алмагүл Құмашева соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілердің басты кейіпкеріне айналды. Төрт баланың анасы сәуірдің 15-і күні мәжіліс депутаттары мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерімен кездесуде жанына батқан бірталай мәселені ашына жеткізген еді. (видео Қазақстан)

- Экологтар Каспийдің болашағына алаңдайды​. Экологтар Каспий теңізінде балық түрлері азайып, су деңгейінің түсіп бара жатқанын ескертеді. 22 сәуір Жер күні қарсаңында зербайжандық белсенділер Каспий теңізін сақтап қалу керектігін айтып, дабыл қақты. Олар Каспий теңізі Аралдың кебін кие ме деп алаңдайды.​ (видео Қазақстан)

- Журналистердің мемлекеттік мекемеден ақпарат алуы қиын​. "Шекарасыз тілшілер" ұйымының жаңа рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 158-орында тұр. Былтырмен салыстырғанда Қазақстан бір саты төмендеген.​ (видео Қазақстан)

- Жастарды саяси белсенділігі үшін жазалау қаншалықты дұрыс? Алматыда әкімшілік жазаға тартылып жатқан белсенділер туралы нұрсұлтандықтар да пікір білдірді. Олардан "жастардың саяси белсенділігін жазалау дұрыс па?" деп сұраған едік. (видео Қазақстан)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! МЫҢДАҒАН АУДИО ЖӘНЕ БЕЙНЕЖАЗБАНЫ КӨРУГЕ ЖӘНЕ ӘРІПТЕСТЕР ҮШІН ЛОГОТИПСІЗ БЕЙНЕЖАЗБАЛАРДЫ КӨШІРУ МҮМКІНДІГІМЕН ТАНЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

XS
SM
MD
LG