Ссылки доступа

Өзбекстанда 5 жасар қызды айуандықпен өлтірді деген айыпталушыға сот үкімі шықты


Өзбекстанның Әндіжан облысы Пахтаабад аудандық соты бес жасар қызды зорлап өлтірді деп айыпталған 31 жастағы ер адамды 19 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметіне қарағанда, 31 жастағы М.И. деген азамат қылмысын жасыруға тырысқан. Қылмыстық оқиға болған күні күдіктінің үйіне көршінің 5 жастағы қызы келген. Қыз оның ұлымен аулада үнемі ойнап жүрген. Ол үйінде ешкімнің жоқтығын пайдаланып, кішкентай қызды зорлаған.

«Қыз айқайлап жылаған кезде, ер адам оны орамалмен тұншықтырған. Қылмысын жасыру үшін, қан іздерін жуып, мәйітті қапқа тығып, жертөлесіне көміп тастаған», – делінген тергеу ісінде.

Сот барысында 31 жастағы ер адам жасаған қылмысын мойындаған. «Мен адамилыққа жат іс істегенімді мойындаймын. Бәрі осылай аяқталады деп ойламап едім. Мені шайтан жолымнан тайдырды. Істеген ісіме өкінемін», – деген ол.

Тергеу мәліметі бойынша, 5 жасар қыздың әке-шешесі 28 қаңтар күні кешкісін милицияға хабарлаған. Қыздың аяқ киімінің бірі көршінің үйінің алдына түсіп қалған. Милиция қызметкерлері иіссезгіш ит арқылы мәйітті тапқан. Сол күні күдіктіні ұстаған.

XS
SM
MD
LG