Ссылки доступа

Әлішер Усманов Ұлыбританияның ең бай он адамының қатарына енді


The Times басылымы Ұлыбританияның ең бай 1000 адамының тізімін жариялады. Ресейдің үш кәсіпкерінің есімі осы тізімнен табылды.

Жыл сайын жарияланатын тізімге алғаш рет Alfa Group және LetterOne компаниялары қожайындарының бірі Михаил Фридман енген. – один из совладельцев Alfa Group и инвесткомпании LetterOne. 10,9 миллиард фунт стерлингі бар кәсіпкер тізімде оныншы орында тұр.

2016 жылы Фридман 65 миллион фунтқа Лондонның солтүстігінен зәулім үй сатып алған. Forbes оны Лондонның ең бай адамы деп атаған еді.

Ауқаттылар тізімінде сегізінші орында Ресейдің тегі өзбек олигархы Әлішер Усманов тұр. Оның байлығы 11 млрд фунтқа бағаланды.

Ал тоғызыншы орындағы миллиардер Роман Абрамовичтің де 11 миллиард фунты бар екені айтылған. Басылым мәліметі бойынша, өткен жылы Усманов пен Абрамович байлықтарын арттырған.

Бірінші орынға ағайынды Шри және Гопи Хиндуя орналасты. Тегі үнді миллиардерлердің 22 миллиард фунт стерлингі бар. Олар өнеркәсіптің түрлі салаларына және қаржы секторына инвестиция салумен шұғылданады.

XS
SM
MD
LG