Ссылки доступа

Әндіжанда Мирзияев келетін жолдағы гүлді суғарып жүрген үш әйелді көлік қағып кетті


Өзбекстанда Әндіжан облысына қарасты Асакын ауданының үш тұрғынын 16 мамырда автожол бойындағы гүлдерді суғарып жүрген кезде жеңіл көлік қағып кетті. Екі әйел оқиға орнында қаза тапса, үшінші әйел ауруханада жан тапсырды.

Әйелдер президент кортежі өтетін жолды әрлеп жүрген. Милицияның аудандық бөліміндегілер кісі қаққан көлік жүргізушісі қашып кеткен. Оған іздеу жарияланды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 мамырда Әндіжан облысына келді. Сол күні таңертең жұмысшыларды Асакын ауданына көше безендіруге жіберген.

Жұмысшылардың бірі қаза тапқан әйелдердің аудандық гүлдендіру бөлімінде жұмыс істемегенін айтты. Оларды жергілікті билік бұл жұмысқа мәжбүрлі түрде тартқан болуы мүмкін.

Бірақ Өзбекстанның бас прокуратурасы бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

XS
SM
MD
LG