Ссылки доступа

Рахмон ШЫҰ аясында Душанбеде Есірткіге қарсы орталық ашуды ұсынды


Эмомали Рахмон. Архивное фото

Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон "Солтүстік бағыт" елдерінің құқық қорғау органы өкілдерінен заңсыз есірткі айналымы проблемаларын зерттейтін орталық ашу керек деп есептейді.

Бұл туралы тәжік президенті 17 мамырда заңсыз есірткі айналымымен күрес мәселелері талқыланған конференацияда мәлімдеді. Форумды Тәжікстан БҰҰ, Еуропалық одақ, ЕЫҚҰ және басқа да халықаралық әріптестермен бірге ұйымдастырды. Оған әлемнің елу елінен және 27 халықаралық ұйымнан өкілдер қатысты.

Бұған қоса Тәжікстан Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы форматына сай Есірткіге қарсы орталық құруды ұсынды. "Өткен жылы ғана бізде есірткі контрабандасына қарсы 67 операция өтті", - деді ол.

Рахмон заңсыз есірткі саудасын терроризмнің негізгі қаржы көзі екенін атап өтті.

XS
SM
MD
LG