Ссылки доступа

Трамп жаңа көші-қон реформасының жоспарын таныстырды


Президент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні жаңа иммиграциялық саясат жоспарын таныстырды. Онда туыстық байланыстардың орнына жоғары білікті мамандарға басымдық беріледі.

Қазір заңды иммигранттардың 66 пайызы АҚШ-қа отбасындағы байланыстары арқылы көшіп келсе, 12 пайызы ғана еңбек біліктілігі негізінде мемлекет ауыстырады. Трамп ұсынысы бойынша, біліктілігі жоғары мамандар бөлінетін иммиграциялық квота бес есеге ұлғаюы керек.

АҚШ-қа көшуге үміткерлерді еңбек біліктілігі, жасы, білімі, ағылшын тілін меңгеру деңгейі және жалақысы жақсы жұмысқа шақыртуы негізінде бағалайды. Осыған ұқсас иммиграциялық саясатты Австралия, Канада және Жаңа Зеландия елдері ұстанады.

Өткен жылы АҚШ-тағы иммигранттардың орташа жылдық табысы 43 мың доллар болды. Трамп жоспары бойынша, елге біліктілігі негізінде көшіп келгендердің орташа жылдық жалақысы 126 мың доллар болуы керек.

Трамп жоспарымен Green Card лотореясын ойнату тоқтатылады. Оның орнына түрлі саладағы талант өкілдеріне арналған бағдарлама жасалады. Гуманитарлық мақсатта берілетін визалар 10 пайызға дейін қысқартылады.

Жоспар жүзеге асу үшін Ақ үй оны Конгресте дәлелдеуі тиіс. Конгрестегі Демократиялық партия жетекшілері Трамп жоспарына қарсы шығып отыр.

XS
SM
MD
LG