Ссылки доступа

Ашғабад билігі иттерді ауласа, президент олар туралы кітап жазады


"Президент Туркменистана Г.Бердымухамедов начал работу над новой книгой 16 мая в Ахалтекинском конном комплексе в предгорьях Копетдага".
"Президент Туркменистана Г.Бердымухамедов начал работу над новой книгой 16 мая в Ахалтекинском конном комплексе в предгорьях Копетдага".

Түркіменстан президенті 16 мамырда тағы бір кітап жаза бастады. Оның кезекті еңбегі ит туралы болды. Бұл уақытта астана билігі қала көшелеріндегі иесіз иттерді аулап, оларды аяусыз қырып келеді.

"14 мамырда қаланың Гаудан ықшам ауданындағы №84 балабақша ауласында кішкентай итті жаңа туған күшіктерімен бірге арматурамен ұрып өлтірді. Бұл уақытта балабақшада балалар болған" деп хабарлады Азатлык тілшісі. Оның айтуынша, иттерді Бегенч атындағы коммуналдық қызмет өкілі өлтірген.

Бұл оқиғаға көп адам куә болған. "Ит ұзақ үрді, сосын ұлыды. Көрші үйлердің терезелерінен тұрғындар қарап тұрды, бірақ ешкім араша түспеді. Күшіктері бар ит балабақшаны паналаған, адамдардан тығылып жатқан, бірақ мекеме меңгерушісі ит өлтіретін қызметті шақырған", - деді куәгерлердің бірі.

Бұл уақытта Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ит туралы жаңа кітабын 16 мамырда Копетдаг тауларындағы Ақалтеке жылқы кешенінде жаза бастаған.

Мемлекеттік баспасөздердің хабарлауынша, сол күні президент Бердымұхамедов Шаполат атты ақалтекемен серуендеген, одан соң жаңа туған алабай күшіктеріне ат қойған, сосын барып жұмыс кеңсесінде иттің осы түрі туралы кітап жаза бастаған.

Биыл ақпан айында мемлекет басшысы иттерге арналған клиника ашуды тапсырып, "түркімен халқы үй жануарларын әрдайым қастерлегенін" айтқан. Бір аптадан соң елдегі кәсіпкерлер президент уәде еткен клиниканы ашуға 62 000 доллар жинаған.

XS
SM
MD
LG