Ссылки доступа

Инстаграмның 49 млн қолданушысының мәліметі жарияланып кеткен


Инстаграмның 49 миллион қолданушысы жайында мәлімет интернетке ашық жарияланып кетті деп хабарлайды TechCrunch басылымы.

Басылымның ақпаратына сәйкес, әлеуметтік желіге жарнама берген адамдар жайлы мәлімет жарияланған. Олардың ішінде әлемге танымал адамдар мен белгілі блогерлер бар.

Олар туралы мәлімет үнді компаниясының базасына түскен. Оның қызметкерлері бұл мәліметті сақтап, құпия сөзсіз Amazon Web Services-ке енгізген.

Жарияланған ақпаратта қолданушылардың аты-жөні, жазылушылар саны, верификациясы, тұратын жері мен телефоны және электрондық поштасы көрсетілген.

TechCruch бұл ақпаратты көргеннен кейін үнді компаниясына хабарласқанын, олар бірден ашық мәліметті жапқанын айтады.

Сәуір айында Facebook компаниясының акционерлері басқарма басшысы Марк Цукербергті отставкаға кетуді талап етті. Олардың айтуынша, қолданушылар жайлы мәліметтер жарияланып кеткеннен кейін Facebook акциясының құны түсіп кеткен.

XS
SM
MD
LG