Ссылки доступа

Тәжікстанда алтын өндіруші кәсіпорын оффшорлы компанияға берілген


Тәжікстанда алтын өндіретін "Памир" кәсіпорны оффшорлы компанияның басқаруына беріліп, ондағы 150 жұмыскер жалақысыз қалып отыр.

Қазір алтын өндіретін еңбек бірлестігінің иесі - "Таджик эмират Бритиш майнинг компани» (ТЭБМК). Салық комитетінің мәліметінше, бұл "VAST OCEAN MININGINVESTMENT LIMITED" оффшорлы компанияға қарайды. Қожайындарының аты-жөні аталмайды.

Бір жыл бұрын алтын өндіретін аталған кәсіпорын тәжікстандық екі азамат – Нарзулло Анаев пен Владимир Дауровқа тиесілі болған. Бірақ ТЭБМК екі азаматтан оларға тиесілі барлық акцияны өздеріне беруді талап еткен. Тәжікстан экономикалық соты бұл дауды ТЭБМК-тің пайдасына шешкен.

Бірақ Анаев пен Дауров әрі қарай күресуді жалғастырмақ болғанда, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Алтын өндіретін "Памир" компаниясы жұмысын сонау 1978 жылдан бастаған. Совет үкіметі құлағаннан кейін, кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылған.

XS
SM
MD
LG