Ссылки доступа

Омурбек Текебаевтың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданды


Қырғызстанның "Ата мекен" партиясының лидері Омурбек Текебаевтың адвокаты Жоғарғы сотқа шағымданды.

Осының алдында адвокаттары Бас прокуратураға хат жазған. Бірақ бақылау органы Жоғарғы сотқа сілтеген.

Жоғарғы сот 3 мамырда Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотоновтың істерін қайта қарап, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын күшінде қалдырған.

Жогорку Кеңештің экс-спикері, "Ата Мекен" партиясының лидері Омурбек Текебаев пен оның партияласы, бұрынғы елші Дуйшенкул Чотонов 2017 жылы ресейлік кәсіпкер Леонид Маевскийдің шағымы бойынша, "коррупция" бабымен сотталды.

Кейін 2018 жылдың қараша айында Маевскийдің өзі бопсалады деген айыппен ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG