Ссылки доступа

Өзбекстанда жолаушы автобустары түнде жол күзетімен бірге жүреді


Өзбекстанда 1 қыркүйектен бастап жолаушы автобустары, соның қатар халықаралық рейстер түнде жол күзетімен бірге жүреді. Осыған қатысты үкімет қаулысы қабылданды.

Мұндай шара облысаралық, қалааралық, халықаралық және туристер бағыттарға, балаларды таситын автобустарға қатысты қолданылады.

Үкімет қаулысына сәйкес, осы бағыттарда жолаушы тасымалдайтын компаниялар автобустарға жүргізушінің шаршағандығын бақылайтын құрылғы орнатуы тиіс. Жол жүріп келген жүргізушілерге 12 сағат демалмай жолға қайта шығуына тыйым салынады. Бұған қоса, 2021 жылдың қаңтарынан бастап қолданылу мерзімі 15 жылдан асқан автобустарға жолаушы тасымалдауға рұқсат берілмейді.

Еске салайық, биыл сәуір айының аяғында Ташкент облысында оқушы таситын автобус аударылып, өртенді. Автобуста 37 оқушы, үш мұғалім, 10 ата-ана және үш жүргізуші болған. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы өртенген автобустан дер кезінде шығып үлгерген.

XS
SM
MD
LG