Ссылки доступа

Наманганда Мәжбүрлеп орындату бюросы қызметкерлеріне түн жарымына дейін жұмыс істеткізеді


Uychi MIB, Namangan
Uychi MIB, Namangan

Өзбекстанда Наманган облысы Уйчин ауданының Мәжбүрлеп орындату бюросының қызметкерлері басшылықтың таңертеңнен түн жарымына дейін жұмыс істеткізетініне шағымданды.

Өзбекстан еңбек кодексі бойынша, жоспардан тыс жұмысқа тарту үшін тараптардың келісімі болуы тиіс.

Мәжбүрлеп орындату бюросының Уйчин аудандық бөлімінің бір топ қызметкері басшылықтың таңғы сағат 5:30-дан түнгі 00:30-ға дейін жұмыс істеткізетініне шағымданды. "Жұмыстан ерте қайтуға сұрансақ, өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жаз деп жауап береді. Бір айдан бері тыным жоқ", - деп шағымданды олар.

Өзбекстан бас прокуратурасы Мәжбүрлеп орындату бюросының баспасөз хатшысы Фаррух Ташпулатов бұл мәселе бақылауға алынатынына уәде берді.

"Біз олардың арызын қараймыз. Егер олар жұмыстан тыс уақытта еңбек етсе, қосымша демалыс немесе еңбек ақысын алуы керек", - деп түсіндірді Ташпулатов.

Еңбек кодексінің 157-бабы бойынша, жұмыс уақытынан тыс жасалған еңбек ақысы екі есе жоғары болуы керек.

XS
SM
MD
LG