Ссылки доступа

Ауғанстанда жас баланы өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім ұзақ мерзімге сотталды


Ауғанстан соты жексенбі, 26 мамарда жас баланы ұрлап, өлтірді деп айыпталған екі жасөспірімді 30 жылға соттады.

Жантүршігерлік оқиға Ауғанстанда көпшіліктің наразылығын туғызды. Олар жас баланы өлтіргендерді қатаң жазалауды талап етті.

Алты бастағы Махса Ахмадиді наурыз айында Кабул қаласынан ұрлап әкеткен. Ата-анасы қарақшылар талап еткен 300 мың долларды тауып бере алмаған. Полиция осы іске қатысты екі жасөспірімді ұстады. Кейін полиция күдіктілер жасаған қылмыстарын мойындағаны туралы видео таратты.

Видеода сөйлеген жасөспірімдер алты жастағы баланы ұрлап, жалға берілген бөлмеде ұстағанын, ақы ала алмаған соң оны өлтіргенін айтқан. Үкім шығарған судья сотталушылардың жасы нешеде екенін хабарламады, бірақ олардың кәмелет жасқа әлі толмағанын ескертті.

XS
SM
MD
LG