Ссылки доступа

Өзбекстан билігі кәсіпкерлердің қарыздарын кешірді


Ташкентте 1815 жеке кәсіпкердің салық және айыппұлдар бойынша 219,7 миллиард сум (26 млн доллар) қарызын кешірді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары Мемлекеттік салық инспекциясына сілтеме жасап хабарлады.

Тізімдегі кәсіпкерлердің барлығы қарыздарын жаба алмаған соң, кәсіпті доғаруға мәжбүр болған.

Қаланың Учтепе ауданында бизнеске қайта оралған 524 кәсіпкердің 39,3 миллиард сум ($4,6 млн) берешегі кешірілді. Ал Алмазар ауданында 229 адамның 80 миллиард сум ($95 млн) қарызы өшірілді. Олардың барлығы кәсіптерін қайта бастаған.

Мемлекеттік салық инспекциясы салық берешегі бар кәсіпкерлерді 1 шілдеге дейін қарыздан толып құтылып, кәсіптерін қайта бастауға шақырды.

XS
SM
MD
LG