Ссылки доступа

СІМ Шыңжаңдағы жағдай жөнінде: "Бұл Қытайдың ішкі шаруасы"


Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытайдың солтүстік батысындағы Шыңжаң аймағындағы "саяси қайта тәрбиелеу лагерінде" қанша этникалық қазақ бар жөнінде мәлімет білмейтінін жеткізді. Оның себебі лагердегінің бәрі - Қытай азаматтары.

СІМ 1963 жылы қабылданған Вена конвенциясына сілтеме жасап, бұл құжат бойынша халықаралық қарым-қатынаста өзге мемлекет бір мемлекеттің ішкі ісіне араласпайды деді. «Қазақстан Қытай азаматтары болып табылатын этникалық қазақтардың проблемасына араласа алмайды» деп жауап берді.

Сонымен бірге СІМ мәліметінше, 2018 жылы Қытайда тұратын 14324 этникалық қазақ, 2019 жылы алғашқы төрт айында 1929 этникалық қазақ Қазақстан азаматтығын алған.

"Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің дерегінше, 2019 жылы 1 қаңтар - 15 мамырға дейін Қытайдағы 6506 этникалық қазақ (Қытай азаматтары) Қазақстанда тұратын туыстарына келу үшін виза алды. Ал министрлікке Қытайдан Қазақстанға келу үшін көмек сұраған 343 өтініш түсті" деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің жауабында.

Министрліктің мәлімдеуінше, "Қытай көші-қон заңнамасын бұзған этникалық қазақтар Қазақстанға шыға алмай отыр. Қытай көші-қон режимін бұзбаған этникалық қазақтарға Пекин тарапынан кедергі жоқ".

2017 жылдан бастап Шыңжаң аймағында тұратын этникалық қазақтар саяси тәрбиелеу орталығына қамалып жатқаны жайлы хабар тарай бастаған. Қазақстандағы қазақтар Қытайда қалған туыстарына қысым жасалып жатқанын айтып, Нұр-Сұлтаннан көмек сұраған. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қытайдағы қазақтарда көмек қолын созатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG