Ссылки доступа

Қырғыз арнайы қызметі экс-президент Атамбаевтың оққағарсыз қалмағанын айтады


Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевтың оққағары Дамир Мусакеевтің сотталуына байланысты пікір білдірді.

«Мемлекеттік қорғау» жөніндегі заңға сәйкес, президентке, парламент спикеріне, премьер-министрге, Жоғарғы сот төрағасына, экс-президенттерге, сонымен бірге парламент депутатына өміріне қауіп төнген жағдайда күзетпен қамтамасыз етіледі. Заңға сәйкес, экс-президент Алмазбек Атамбаевтың күзет саны бұрынғыдай қала береді», - делінген хабарламада.

24 мамырда Бішкектің Свердлов аудандық соты Алмазбек Атамбаевтың жеке оққағары Дамир Мусакеевты қызметін асыра пайдаланды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG