Ссылки доступа

Ташкент тұрғындары Илон Маск ұшырған жер серіктерін видеоға түсіріп алған (видео)


Ташкент тұрғындары бірнеше күн бұрын Илон Масктың SpaceX компаниясы ғарышқа ұшырған 60 Starlink жер серігін видеоға түсіріп алған. Бұл жер серіктері Жер шарын тегін интернетпен қамтамасыз етуі тиіс.

25-нен 26 мамырға қараған түні Ташкент аспанында Илон Маск компаниясы ұшырған 60 спутник көрінді. Куәгерлер бірден видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

SpaceX жер серіктерін әлемнің өзге қалаларынан да көруге мүмкіндік туды. Нидерланд тұрғындары да ұшырылған сәтті видеоға сапалы түсіріп алған.

Falcon 9 зымыраны ғарыш аппараттарымен 24 мамырда Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылды. 60 спутник орбитадан сәттті шығарылды.

60 спутник те Интернетке қосылған. Бұл жөнінде SpaceX негізін қалаушы Илон Маск айтты.

XS
SM
MD
LG