Ссылки доступа

Украина президенті Зеленский Донбасқа барды


Владимир Зеленский жанжал аймағында, 27 мамыр, 2019 жыл.
Владимир Зеленский жанжал аймағында, 27 мамыр, 2019 жыл.

Украина президенті Владимир Зеленский жұмыс сапарымен Луганск облысына барып, Луганская және Счастье әскери станцияларына тоқтаған. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы сарбаздардың дұрыс тамақтануы, жатын жері, әлеуметтік жағдайы және тұрғын үй мәселесімен танысқан.

Президент Біріккен күш операциясының қолбасшысы, генерал-лейтенант Александр Сирскийдің жанжал аймағындағы жағдай жөніндегі баяндамасымен танысқан.

Жиналысқа Қарулы күштердің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Хомчак та қатысқан.

XS
SM
MD
LG