Ссылки доступа

Өзбекстанға барған Германия президентіне адам құқығын қорғаушылар уәж айтты


Human Rights Watch (HRW) адам құқықтарын қорғаушы ұйымы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердан өзбек президенті Шавкат Мирзияевқа Өзбекстанстанда демократияны дамыту үшін ықпал етуін сұрады.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Өзбекстандағы сапары 27-29 мамырда өтеді. Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттер саясат, сауда және экономика, инвестиция, қаржы және техника, мәдениет салаларында екі жақты әріптестікті дамыту мәселелерін, бұған қоса Өзбекстан мен Еуропалық одақ қарым-қатынасын талқылайды. Олар халықаралық және аймақтағы маңызды мәселелерді қозғайды.

Германия президенті Хорезм облысына барып, Үргеніш мемлекеттік университетінің профессорлары және студенттерімен кездеседі, Хиуадағы тарихи және сәулет ескерткіштерін аралайды. Сапар соңында бірқатар келісім қабылданады деп жоспарланған.

Адам құқықтарын қорғаушылар Өзбекстан үкіметінің демократияны дамыту үшін жасаған маңызды қадамдарына қарамастан, авторитарлық ел болып қалды деп есептейді. Қауіпсіздік күштерінің құзыреті күшті, үнемі белсенділерді тұтқындау, азаптау, түрмеде зорлық көрсету туралы шағымдар көптеп түсіп жатыр делінген HRW мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG