Ссылки доступа

Тәжікстанда пітір-садақаны билік өкілдері жинап жүр


Мұсылмандардың бес парызының бірі - пітір-садақаны Тәжікстанда Рамазан айында жергілікті билік өкілдері жинап жүр. Аймақтарда жетім-жесірлер мен тұрмысы нашар отбасылардың тізімі дайындалды. Жиналған ақша соларға таратылады.

Тәжікстан ислам орталығының Үлемдер кеңесінің шешімімен, өткен жылдан бері тұрғындар пітір-садақаны арнайы комиссияға өткізе алады. Оның құрамына махалла төрағасы және жергілікті имам кірген. Комиссия мүшелері жиналған ақшаны кедейлерге таратуы тиіс.

Дегенмен, Тәжікстан мұсылмандары діни басқармасының түсіндіруінше, пітір-садақаны қайда тапсыратынын тұрғын өзі шешеді.

Биыл пітір көлемі адам басына 5 сомони болды. Тәжікстан мұсылмандары діни басқармасының хабарлауынша, пітір көлемі екі келі ұнның орташа бағасына тең.

Өткен жылы арнайы комиссия 40 млн сомони ($4,3 млн.) пітір жинаған. Үлемдер кеңесінің басшысы Саидмукаррам Абдулкодирзода барлық ақша кедейлерге таратылғанын хабарлады. "Атап айтқанда, орталық мешіт астанадағы 48 кедей отбасыға ақша берді", - деді ол.

Биыл "зекет" (жылына бір мәрте кедейлерге берілетін міндетті салық) көлемі 500 сомони болды, оны жағдайы жақсы мұсылмандар төлейді.

Хатлон облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Бахром Мировтың хабарлауынша, аймақтағы қалалар мен аудандарда пітір жинау науқаны жүріп жатыр. Қанша ақша жиналғаны мерекеден соң хабарланады.

XS
SM
MD
LG