Ссылки доступа

Ферғана басшысы салықшыларға "ішектеріңді суырып алып, бастарыңа қаптаймын" деп айқайлады


Shuhrat Ganiyev
Shuhrat Ganiyev

Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиевтің салық инспекциясы мен мәжбүрлеп орындату бюросының облыстық басқармасы басшыларына "ішектеріңді суырып алып, бастарыңа қаптаймын" деп зекігенін аудиоға жазып алған.

Аудиотаспаны Азаттық редакциясына жолдаған кәсіпкердің айтуынша, шенеунік бұл жиналысты 22 мамырда облыстық әкімшілік ғимаратында өткізген. Онда облыс әкімі салық инспекциясының және Бас прокуратура жанындағы Мәжбүрлеп орындату бюросы облыстық басқармасының басшыларын "сатқындар", "дардан қашқан опасыздар" деп балағаттап, одан соң оларды "ішектеріңді суырып алып, бастарыңа қаптаймын" деп қорқытқан.

"Сенің бес, он жылың түрмеде өтеді. Мәжбүрлеп орындату бюросының басшысы болсаң да, маған бәрібір, сен секілді опасыздарды бәрібір отырғызам. Өзімді әрең ұстап отырмын, әйтпесе ішектеріңді суырып алып, бастарыңа қаптар едім", - деп зекіген Шухрат Ганиев.

Облыс басшысы бұнымен шектеліп қалмаған.

"Сендер - оңбағандар, салық басшысы - Ташкент тумасы, Бюро басшысы да Ташкенттен. Ферғана облысына бастық болып келген соң, сендер біздің облысты былыққа батырдыңдар. Орайы келгенде, сендердің ішектеріңді өзім қолыммен суырып алам", - деген облыс хокимі.

Аймақ басшысының басқарма басшыларына зекуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Бірақ 2,5 минутқа созылған аудиотаспада аталған мекемелердің жоспарды орындамауы Ферғана облысы басшысының ашуын туғызған деген болжам жасауға болады.

XS
SM
MD
LG