Ссылки доступа

Сергей Шойгу Душанбеге келді


Russia -- Russian Defense minister Sergei Shoigu attends the exhibition showing works of military artists studio M.B. Grekova at the Manezh exhibition hall in Moscow, January 28, 2014
Russia -- Russian Defense minister Sergei Shoigu attends the exhibition showing works of military artists studio M.B. Grekova at the Manezh exhibition hall in Moscow, January 28, 2014

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу 28 мамырда Душанбеге сапарлап келді. Ол мұнда Тәжікстанның әскери-саяси басшылығымен кездесу өткізеді.

Жоспар бойынша, Шойгу тәжік президенті Эмомали Рахмонмен, әскери мекеме басшыларымен жүздеседі.

Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Россияна Марковскаяның хабарлауынша, келіссөздерде Тәжікстан қарулы күштерін жетілдіру, Ресейдің осы елдегі 201-ші әскери базасын жаңа техникамен толықтыру мәселелері талқыланады.

Сергей Шойгу Ресейдің осы елдегі әскери базасына баруды жоспарлап отыр. Жақында ол Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда терроризм қаупі жоғары екенін мәлімдеген.

2015 жылы 201-ші әскери базаға тікұшақтар жеткізілсе, екі жылдан соң мұнда "Ураган" дивизионы көшірілген. Тәжікстан билігімен жасалған келісімге сәйкес, Ресей әскери бұл елдің аумағында кем дегенде 2042 жылға дейін болады.

XS
SM
MD
LG