Ссылки доступа

Ашғабадта күріш пен қант тапшы


Ашғабадта тұрғындар енді күріш пен қант үшін кезекке тұрып жатыр.

Азаттықтың түркімен қызметі хабарлағандай, бір адамға үш келі күріш және бір келі қант ғана сатылады.

Мемлекеттік дүкендерде азық-түлік базарға қарағанда арзан. Қанттың бір келісі 8 манат, күріштің бір келісі 7 манат (2 доллар шамасында) тұрады. Базарда күріш – 20 манат, қант – 12 манат.

Түркіменстанда 2017 жылдың соңынан бері ұн, нан, су, май және жұмыртқаға тапшылық бар. Бағалар жүйелі түрде өсіп жатыр.

XS
SM
MD
LG