Ссылки доступа

Ресейде Өзбекстан азаматы мен 12 жастағы қызын зорлау оқиғасына қатысты тергеу басталды


Санкт-Петербургте Өзбекстанның 33 жастағы азаматы мен оның 12 жастағы қызын зорлаған күдіктілердің бірі ұсталған.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, ұсталған күдікті 47 жастағы тәжік азаматы болып шыққан.

Piter.tv телеканалының мәліметінше, 25 мамырда тергеу комитеті оған қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Ватандош" құқық қорғау ұйымының жетекшісі Усман Баратовтың айтуынша, күдікті өзі жалдап тұрған пәтерде әйелді екі баласымен күштеп ұстап, зорлап келген.

"18 мамырда олар "Одноклассники" әлеуметтік желі арқылы маған шығып, оқиғаны айтып берді. Мен танысым арқылы оларды босатып, полицияға арыз түсірдік. Әйел 12 жастағы қызы мен 7 жастағы ұлымен Санкт-Петербургте тұрған. Көрші бөлмеде тәжік азаматы екі әйелмен бірге тұрған. Оған 17 жастағы туысы жиі келіп тұрған екен. Бірде үйінде ешкімнің жоғын пайдаланып, 12 жастағы қызын зорлаған. Оның айтуынша, ер адам екі апта бойы оны зорлап келген. Бірақ 7 мамырда қызы болған жайды анасына айтқан. Анасы айқай шығарған кезде, тәжік көршісі бөтен бөлмеге апарып, зорлап, үшеуін қамап ұстаған. Кейін олар қашып шығып, темір жол вокзалына барып, полиция өкілдерінен көмек сұраған. Бірақ олар бас тартқан. Қазір біз полиция өкілдеріне қарсы шағым түсіреміз", – дейді Усман Баратов.

Ресей басылымдарының жазуынша, күдікті көлік сатумен айналысқан, Ресейде заңсыз тұрып келген.

Қазір тергеу комитеті әйелдің екі баласын қорғауына алған.

XS
SM
MD
LG