Ссылки доступа

Өзбекстанда Volkswagen автокөліктері шығарылады


Өзбекстан Volkswagen компаниясымен бірге автокөліктер шығарады. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер 28 мамырда Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевпен бірнеше келісім қабылдады.

Бұған қоса тараптар климаттың өзгеруіне бейімделу және ауаны газбен ластамау мәселелері бойынша әріптес болу келісіміне отырды. Өзбекстан ғылым академиясы Ташкентте Ядролық медицина және сәуле терапиясы орталығын құру үшін немістің "Integra GmbH" және "Vamed Engineering GmbH" компанияларымен әріптес болады.

29 мамырда Германия президенті Үргеніш мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесіп, Хиуа қаласындағы тарихи орындарды аралайды.

Германия мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 770 миллион доллар болды. Екі ел арасындағы сауда көлемі бір жыл ішінде 25 пайызға көтерілген.

Еске салайық, Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер 27 мамырда Өзбекстанға ресми сапармен келді.

XS
SM
MD
LG