Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалімдерді "Вакф" қайырымдылық қорына 50 мың сумнан аударуға мәжбүрлеген


Әндіжан облысында мектеп мұғалімдерін "Вакф" қайырымдылық қоры есебіне ақша аударуға мәжбүрлеген.

Ұстаздардың айтуынша, 50 мың сумнан ($6) өз еркімен қорға аударатын ұстаздар тізімі дайындалған.

Орта мектептердің біріндегі директордың орынбасары мұғалімдер айлығынан пікір-садақаға ақша ұсталғанын растады.

"Вакф" қайырымдылық қорының өкілі Әндіжан облысының шенеуніктері осындай бастама көтергенін мәлімдеді.

Әндіжан ауданындағы мұғалімдердің бірінің хабарлауынша, ұстаздардан пітір-садақаға ақша жинау жүріп жатыр. Осы аудандағы басқа да мектептердің ұстаздары бұл мәліметті растады.

"Бізге банк есебі бар қағаз беріп, оған "елу мың сум" деп жазуымызды сұрады. Оны пікір-садақа деп түсіндірді. Бірақ біз садақаны жағдай нашарларға өзіміз де бере аламыз. Дегенмен осындай талап қойылғандықтан, мұғалімдердің барлығы қол қойды", - деді Әндіжан ауданындағы №5 орта мектептің мұғалімі.

Әндіжан облысындағы имамдардың бірінің айтуынша, пітір-садақа жинау науқаны осы ауданда ғана емес, бүкіл аймақта жүріп жатыр. "Жақында облыс басшысы жиналыс өткізіп, барлық ұйымдарға осындай тапсырма берген. Мектептерде 50 мың сумнан өткізеді. Имамдардың барлығы қазір көше кезіп, ақша сұрап жүр. Халық бұған риза емес. Адамдар бұған сенбейді", - деді имам.

Еске салайық, биыл сәуір айында "Вакф" қайырымдылық қорының төрағасы Өзбекстанда шығарылатын ең қымбат автокөлік "Малибу-2" сатып алғаны әлеуметтік желіде талқыланған. Қор өкілі автокөлік шетел қонақтарын күтіп алуға қажет болған соң алынғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG