Ссылки доступа

Белсенділер халықаралық қауымдастықты өзбек мақтасына бойкоттан бас тартпауға шақырды


Өзбекстанда адам құқықтарын қорғаушылар тобы халықаралық қауымдастықты өзбек мақтасына бойкоттан бас тартпауға шақырды.

Орталық Азиядағы еңбек құқықтарын бақылау миссиясы белсенділердің үндеуін жариялады. Олар Өзбекстанның мақта алқаптарындағы мәжбүрлі еңбек жағдайын бірнеше жылдан бері зерттеп жүр. Үндеуге Малохат Эшанкулова, Елена Урлаева, Уктам Пардаев және Азимбой Отаниязов қол қойған.

"Кеншілер, электриктер, химиялық зауыт жұмысшылары, милиция қызметкерлері, сарбаздар, кәсіпкерлер, Өзмұнайгаз жұмысшылары, банк қызметкерлері 2018 жылдың қарашасына дейін мақта алқаптарына шығарылғанын көрдік" делінген белсенділер үндеуінде.

Олар өзбек мақтасына жарияланған бойкот сақталуы тиіс деп есептейді. Халықаралық еңбек ұйымының биыл сәуірде жариялаған мәліметі бойынша, 2018 жылы Өзбекстанда шамамен 170 000 адам мақта теруге мәжбүр болған.

25 наурызда АҚШ өзбек мақтасына тыйымнан бас тартты.

Cotton Campaign халықаралық мақта коалициясы науқаны 2010 жылы Өзбекстанда өсірілетін мақтаға бойкот жариялау мақсатында басталды. Оған Өзбекстанда балалар мен ересектердің мақта теруге мәжбүр екені түрткі болды. Бойкотты Nike, Zara, GAP, Levi's, H & M, UNIQLO және басқа да әлемдік брендтер қолдады.

XS
SM
MD
LG