Ссылки доступа

Бішкекте белсенділер жемқорлыққа қарсы митинг өткізбек


Бішкекте белсенділер биліктен коррупцияға қарсы нағыз күресті талап етіп, митинг өткізбекші. Ұйымдастырушының бірі құқық қорғаушы Рита Карасартова Facebook арқылы халыққа үндеу жасады.

"Егер біз қазір нақты реформа жасауды талап етпесек, ешнәрсе өзгермейді. Сіздің биліктің коррупциямен күресіне көңіліңіз тола ма? Сіздің ұлттық қауіпсіздік комитетіне көңіліңіз тола ма? Сіз бюджеттің миллиондаған қаржысы көлеңкелі жолмен басқа жаққа кетіп жатқанымен және барлық күрес саяси репрессияға айналып жатқанымен келісесіз бе?", - деп сұрақ қояды Карасартова.

Наразыларды 3 маусымда орталық алаңға "Жемқорлықпен нағыз күрес" акциясына қатысуға шақырады.

XS
SM
MD
LG