Ссылки доступа

Түркіменстан полициясы мигранттардың туыстарының телефондарын тексерген


Сотрудники полиции, Туркменистан (архивное фото)
Сотрудники полиции, Туркменистан (архивное фото)

Түркіменстанның шығысындағы Лебап уәлаятының Саят этрапында полиция Түркиядағы еңбек мигранттарының туыстарының үйлерін аралап, олардың телефондары мен SIM-карталарын тартып алған.

Бұл туралы Азаттық радиосы Түркімен қызметінің аймақтағы дереккөзі хабарлады:

- Полиция мен Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері келіп, "Туыстарың немесе балаларың Түркияда не істеп жүр? Қанша ақша жібереді? Телефондарың мен SIM- карталарыңды беріңдер, біз 5-10 күнде тексерген соң қайтарамыз" дегенді айтады.

Дереккөздің сөзіне қарағанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлері Саят этрапында бірнеше тұрғынның телефондары мен SIM- карталарын алып қойған, бірақ жарты айдан бері қайтармаған.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Түркіменстанды тұрғындардың азаматтық бостандықтарын шектегені үшін үнемі сынайды. Азатлык радиосы полиция қызметкерлерінің азаматтардың телефондарын тартып алғаны туралы түрлі мәліметтерді жиі жариялайды.

Өткен жылы наурыз айында Дашоғыз уәлаятында полиция қызметкерлері бюджеттік мекемелердегі жұмысшылардың телефондарын тексеру үшін жинап алған.

XS
SM
MD
LG